Ансаролла америкалық әскерилердің Йеменге кіруіне реакция білдірді
Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысы америкалық әскерилердің Йеменге кіруін айыптады.
«Alalam» ақпарат торабының жексенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысының саяси кеңесінің төрағасы Салех әл- Самад америкалық ұшақ тасушы кеме мен осы елдің әскерилерінің Аден Шығанағына кіруіне көрсеткен реакциясында Йемендегі америкалық басқыншыларға тосқауыл қою үшін дайын болудың қажеттілігін қуаттады.
Салех әл-Самад Американың Йемендегі басқыншылық әрекетінің апатты салдарлары туралы ескерту жасап: «Йемендіктер өз елінің істеріне үстем. Олар америкалықтарға ел тізгінін қолға алуға және Йемен халқын басып-жаншуға рұқсат етпеуі керек» деді.
Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысының ақпарат хатшысы Мұхаммад Абдоссалам да бөгделердің «әл- Каида» лаңкестік тобымен күресу желеуімен Йеменнің оңтүстігін жаулап алып жатқанын мәлімдеді.
Американың ұшақ тасушы кемесі мен алты шағын кемесінің Йеменнің оңтүстігіне кіруімен бір мезгілде сенбі күні де 200- ден астам америкалық әскери өз көліктері және әскери қару- жарақтарымен Йеменнің оңтүстігіндегі «Эль-Мукалла» теңіз айлағына кірді.
Өткен жұмада да АҚШ армиясының 15 Apachi тікұшағы мен 5 Black Hawk тікаұшағы Йеменнің оңтүстігіндегі «әл- Анд» базасына кірді. Содан кейін осы базадан Йеменнің оңтүстігіндегі «Эд-Дали» облысына қару- жарақ пен оқ- дәрі тасымалданды.