Эр-Риядтағы Иран елшілігі ресми түрде қайта ашылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i70220-Эр_Риядтағы_Иран_елшілігі_ресми_түрде_қайта_ашылды
Теһран мен Эр-Риядтың жеті жыл бойы үзілген байланысынан кейін  ИИР-ның Сауд Арабиясындағы елшілігі қайта ашылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 07, 2023 16:38 Asia/Almaty
  • Эр-Риядтағы Иран елшілігі ресми түрде қайта ашылды

Теһран мен Эр-Риядтың жеті жыл бойы үзілген байланысынан кейін  ИИР-ның Сауд Арабиясындағы елшілігі қайта ашылды.

Сауд Арабиясының Hadath телеарнасы былай деп хабарлады: «ИИР-ның туының осы елдің Эр-Риядтағы елшілігінің алаңында көтеріліп, әртүрлі елдерден келген ресми тұлғалар, елшілер мен қонақтардың қатысуымен Иран елшілігі ресми түрде ашылды.

Теһран мен Эр-Рияд дипломатиялық қарым-қатынастарының кеңеюін жалғастыра отырып, ақпарат көздері сейсенбі,  5 маусым күні Эр-Риядтағы Иран Ислам Республикасының елшілігінің қайта ашылғанын хабарлады.