Джанин бригадасы: Сионистік режимнің тікұшағын нысанаға алдық
Маусым 19, 2023 18:51 Asia/Almaty
Джанин бригадасы осы қалада төмен биіктікте ұшып жүрген сионистік режимнің тікұшағын нысанаға алғанын хабарлады.
Сионистік режимнің ақпарат құралдары да осы режим армиясының 6 сарбазының Джанинде қарулы палестиналықтармен қақтығыста жарақат алғанын хабарлады. Олардың кейбіреуінің жағдайы ауыр.
"Едиот Ахронот" газетінің жазуынша, бүгін таңертең болған қақтығыстардан кейін сионистік режимнің әскери жасақтары Джанинге жіберілді.
Сионистік режимнің "Армия" радиосының хабарлауынша, Джанинде Израильдің екі әскери көлігі бомбаланып, істен шықты.
Тегтер