Израильдің жүрегінде дағдарыс туындады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i71288-Израильдің_жүрегінде_дағдарыс_туындады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Сионистік режимнің жүрегіндегі дағдарыс оның Премьер-министрінің жүрегіндегі дағдарыстан тереңірек",-деді.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Шіл 23, 2023 19:16 Asia/Almaty
  • Израильдің жүрегінде дағдарыс туындады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Сионистік режимнің жүрегіндегі дағдарыс оның Премьер-министрінің жүрегіндегі дағдарыстан тереңірек",-деді.

Израильдің БАҚ өкілдері жексенбі күні таңертең сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жүрегіне ота жасату үшін тағы да ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.  

Насер Канани Твиттердегі жеке парақшасында басып алынған жерлерде Нетаньяхудың сот реформасына қарсы өтіп жатқан шерулердің суретін жариялап: "Дәрігерлер сионистік режим Премьер-министрінің жүрегіне аппарат қойды деген хабар жетті. Алайда сионистік режимнің жүрегіндегі дағдарыстың Нетаньяхудың жүрегіндегі дағдарыстан тереңірек екені айқын",-деді.

Басып алынған жерлерде Нетаньяхудың сот реформасына қарсы шерулер өтіп жатқанына біраз болды. Израиль Кнессеті аталмыш заң жобасын бекітуді дүйсенбі күніне қалдырса да, сионистердің наразылығы түрлі аймақтарда, соның ішінде Тель-Авив, Хайфа мен Раананада жалғасып жатыр.