Наблуста 3 палестиналық шәһид болды
Наблустағы бүгін таңертеңгі қақтығыста сионистік сарбаздар 3 палестиналықты шәһид етіп, олардың денелерін белгісіз жерге апарды.
Палестиналық «Шахаб» сайты бұл қақтығыс туралы: «Басқыншы режим армиясы қысқа мәлімдемесінде көлік ішіндегі бірнеше палестиналықтың қаза тапқанын мәлімдеп, бұл адамдардың Израиль күштеріне оқ жаудырғанын және аталған көлікте M16 қаруының табылғанын алға тартты»,- деп жазды. Сонымен қатар, кеше түнде сионистік және палестиналық ақпарат көздері Наблустың оңтүстігінде (Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігінде) орналасқан «Хавара» маңында израильдік қоныстанушылар мінген автобустың бірнеше оқпен атылғанын хабарлады. Израиль әскерлері бұл операция болған жерді қоршап алып, бұл аймақта ешкімнің жүруіне рұқсат бермеді.