Насралла: Израиль өз тарихындағы ең ауыр жағдайды бастан кешіруде
Ливан Хизболласының Бас хатшысы: «Бұл күндер Израиль тарихындағы ең нашар күндер және Алла қаласа, бұл жол режимнің құлдырауы мен жойылуына дейін жалғасады»,- деді.
Сейед Хасан Насралла өзінің Ашураға байланысты сөздерінде: «1967 жылы араб әскерлері Израиль әскерінен жеңілгеннен кейін арабтар Израильді жеңілмейді деп ойлады, бірақ ливандық ұрпақ бұл идеяны қабылдамады. Ливан қарсыласуы 1985 және 2000 ж. жауды жеңді. Израиль өз жағдайлары бүгінгі дағдарысқа жеткенше біртіндеп құлдырау процесін бастан өткерді. Олардың өздеріне байланысты кейбір шенеуніктердің айтуынша, бұл күндер режим тарихындағы ең ауыр күндер болып табылады. Алла қаласа, бұл жол режимнің құлдырауы мен жойылуына дейін жалғасады»,- деп мәлімдеді.