Қаржылық компаниялардың 50 пайыздан астамы басып алынған жерлерден қашып кетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i71356-Қаржылық_компаниялардың_50_пайыздан_астамы_басып_алынған_жерлерден_қашып_кетті
Сауалнама нәтижелері оккупацияланған аумақтардағы стартап-компаниялардың елу пайыздан астамы өз капиталын осы аумақтардан тыс жерлерге көшіріп жатқанын көрсетті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 26, 2023 17:07 Asia/Almaty
  • Қаржылық компаниялардың 50 пайыздан астамы басып алынған жерлерден қашып кетті

Сауалнама нәтижелері оккупацияланған аумақтардағы стартап-компаниялардың елу пайыздан астамы өз капиталын осы аумақтардан тыс жерлерге көшіріп жатқанын көрсетті.

Quds Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік технология институтына қарасты  Star-tup Nation Central  ұйымы сауалнамада басып алынған аумақтардағы стартап компанияларының 70 пайызы өз капиталының бір бөлігін осы аймақтан тыс жерлерге көшіруді көздеп отырғанын хабарлады. Өйткені олар басып алынған аумақтардағы даулы сот реформасы туралы заң жобасының мақұлдануына алаңдауда.

Бұл мәлімдемеге сәйкес, осы сауалнама нәтижелері аталған компаниялардың басшылары мен басып алынған жерлердегі инвесторлардың ақша мен аталған компаниялардың бір бөлігін шетелге аудару әрекеттері соңғы үш айда артқанын көрсетеді.