Тель-Авивтің өнеркәсіп ауданында жойқын жарылыс болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i71772
Жергілікті ақпарат құралдары Тель-Авивтің солтүстігінде орналасқан өнеркәсіп ауданында жойқын жарылыс болғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 16, 2023 00:03 Asia/Almaty

Жергілікті ақпарат құралдары Тель-Авивтің солтүстігінде орналасқан өнеркәсіп ауданында жойқын жарылыс болғанын хабарлады.

"Шахаб" ақпарат агенттігінің сионистік ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Тель-Авивтің солтүстігінде орналасқан "Рамат-ха-Шарон" өнеркәсіп ауданындағы бір зауытта жойқын жарылыс болып, кемінде 3 адам жараланды.  

Рамат-ха-Шарон ауданындағы қалашық тұрғындарынан зауытта бір қауіпті сұйықтықтың ағуы салдарынан болған жойқын жарылысқа байланысты үйлерінің есіктері мен терезелерін толық жабуға кеңес берілді. Кейбір ақпарат көздері жарылған әскери зауыт деп хабарлады.