Сионистік ақпарат құралдары Хавара операциясы жайлы жазды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i71870-Сионистік_ақпарат_құралдары_Хавара_операциясы_жайлы_жазды
Наблустың оңтүстігіндегі Хавара елді мекенінің бақылау-өткізу пункті маңында бір палестиналықтың екі сионистік тұрғынды өлтірген видеосы БАҚ-та кеңінен таралды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Там 21, 2023 01:01 Asia/Almaty
  • Сионистік ақпарат құралдары Хавара операциясы жайлы жазды

Наблустың оңтүстігіндегі Хавара елді мекенінің бақылау-өткізу пункті маңында бір палестиналықтың екі сионистік тұрғынды өлтірген видеосы БАҚ-та кеңінен таралды.

Израиль режимінің армиясы: "Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кетті",-деп мәлімдеді.

"Вала" иврит сайтының бір сионистік қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқ ату операциясы дәл орындалған.  

"Маарив" сионистік газеті: "Оқ атушы оқиға орнына жаяу келген. Бұл адам екі израильдікке жақын қашықтықтан оқ атқан",-деп жазды.

Осы оқиғадан кейін сионистік режимнің күштері ауданды жауып, оқ атқан адамды табу үшін Наблустың оңтүстігіндегі қалалар мен ауылдардағы бақылау-өткізу пункттерде орналасты.

Сионистік армия радиосының хабарлауынша, Соғыс министрі Израиль армиясының аға қолбасшылары және қауіпсіздік қызметінің басшыларымен елдің қауіпсіздік жағдайын бағалау туралы кеңес өткізді.