Канани: Сионистік режимнің әскерилері түрлі аморальдық дерттерге шалдыққан
https://itolqyn.com/news/west_asia-i72186-Канани_Сионистік_режимнің_әскерилері_түрлі_аморальдық_дерттерге_шалдыққан
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы сионист әскерилердің бірнеше палестиналық әйелге құрметсіздік көрсеткеніне реакциясында: "Сионистік режимнің қылмыскер армиясы террор мен жаппай қыру ауруына шалдығумен қоса түрлі созылмалы психикалық және аморальдық дерттерге де шалдыққан",-деді.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қыр 08, 2023 20:38 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистік режимнің әскерилері түрлі аморальдық дерттерге шалдыққан

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы сионист әскерилердің бірнеше палестиналық әйелге құрметсіздік көрсеткеніне реакциясында: "Сионистік режимнің қылмыскер армиясы террор мен жаппай қыру ауруына шалдығумен қоса түрлі созылмалы психикалық және аморальдық дерттерге де шалдыққан",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани: "Әл-Халилге шабуыл барысында сионист әскерилердің бірнеше палестиналық әйелді қорлағаны қатаң айыпталады. Бұл режимді қолдаушыларға да абырой әкелмейтіні анық",-деді.

Канани: "БҰҰ мен Ислам ынтымақтастық ұйымы осы жағдайға қатысты өз міндеттемелерін орындайды деп күтеміз",-деді.

Сионистік режим армиясының екі әйел әскери қызметкері қару мен иттерді қолданып, әл-Халилде тұратын бес палестиналық әйелге "Толық шешінбесе, итке талатамыз" деп сес көрсеткен.