Сионистік режимнің ұшақтары Сирияға шабуыл жасады
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары соңғы сағаттарда екінші рет Сирияны нысанаға алды.
Сириялық ақпарат құралдары сионистік режимнің Хомс пен Хомаға шабуыл жасағанын хабалап: "Сирияның әуе-қорғаныс кешені қырғи ұшақтарға төтеп берді",-деп баса айтты.
Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, шабуылдар Ливанның әуе көгінен жасалған. Бұл – сионистік режимнің өткен алты сағаттағы екінші шабуылы. Сәрсенбі күні түстен кейін жасалған бірінші шабуылда Сирияның солтүстік-батысындағы Тартус нысанаға алынды. Шабуыл барысында 2 сириялық әскери қаза тапты. Сионистер Тартустың маңындағы Дейр-ул-Хаджар ауылы маңындағы бір әскери орталыққа шабуыл жасады.
Сирия ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін сионистік режимнің Тартусқа әуе шабуылы салдарынан Сирия армиясының 2 сарбазы қаза тауып, 6 адам жараланды.