Джабери Ансари: Сауд Арабиясы ирандық қажылардың алдынан жолды жапқаны үшін жауапты
(last modified Wed, 11 May 2016 15:33:01 GMT )
Maм 11, 2016 21:33 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Сауд Арабиясы ирандық қажылардың алдынан  жолды жапқаны үшін жауапты

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы: "Егер виза беру және ирандықтардың биылғы қажылық сапарына аттануы жөніндегі Сауд Арабиясымен арадағы келіспеушілік шешілмесе, Сауд Арабиясы ирандық қажылардың алдынан жолды жапқаны үшін жауапты болады" деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари ирандықтар үшін қажылықтың соңғы жағдайы туралы: «Өкінішке орай, Сауд Арабиясы үкіметі қажылық мәселесін Иранмен саяси келіспеушіліктерімен араластырмайды деп, уәж айтуына қарамастан, іс жүзінде түрлі кедергілер келтіру арқылы бүгінге дейін қажылықтың түрлі қырлары мен ирандық қажыларды аттандыру туралы келісімді орындауға мүмкіндік жасамай отыр» деді.

Садық Хосейн Джабери Ансари Сауд Арабиясының қажыларға виза беру, тасымалдау, әуе жолдары және ирандық қажылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сияқты түбегейлі мәселелерде кедергі келтіріп отырғанына сілтеме жасап, атқарушылық істер туралы келісімге келуге үшін мүмкіндік тудыруға Сауд Арабиясының өзінің қате саясатын өзгертуіне үміт білдірді.

Ол сондай-ақ ирандық қажыларды үшінші елдің әуе компанияларымен тасымалдауды Иранның қабылдамайтынын айтып: «Қажылық рәсімін орындау, қажылыққа кепілдік беру және қажылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы қажылық рәсімін өткізуші үкіметтің даусыз міндеттері саналады» деп ескерді.