Сионистер Газаның тұрғын ауданына шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i72858-Сионистер_Газаның_тұрғын_ауданына_шабуыл_жасады
Палестинаның ақпарат құралдары: "Сионистік режимнің Газа секторының тұрғын ауданына жуырда жасаған шабуылында 12 бейбіт тұрғын шәһид болды",-деп хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 08, 2023 19:33 Asia/Almaty

Палестинаның ақпарат құралдары: "Сионистік режимнің Газа секторының тұрғын ауданына жуырда жасаған шабуылында 12 бейбіт тұрғын шәһид болды",-деп хабарлады.

Іс жүзінде қарсыласу күштерінің зымырандарына төтеп бере алмаған сионистік режим сенбі күннен бері Газаның тұрғын аудандарын бомбалай бастады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: "Осы күнге дейін сионистік режимнің Газа секторына шабуылы салдарынан 313 палестиналық шәһид болып, 1990 адам жараланды",-деп хабарлады.  

Al-Jazeera арнасының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Газаның солтүстігіндегі Бейт-Хатун ауданында 2 тұрғын үй сионистік режим армиясының әуе шабуылына ұшырады. Бұл шабуылда 12 палестиналық қаза тапты.

Жергілікті ақпарат көздері Газа секторының солтүстігінен үздіксіз жаралыстар дыбысы естілгенін және сионистік режим қырғи ұшақтары ұшып жүргенін хабарлады.

Сионистік режимнің армиясы ХАМАС-тың Газа секторындағы объектілеріне шабуыл жасады.

Сионистік режимнің әскери қайықтары Газа жағалауына тағы зымыран атты.

Газа қаласының орталығындағы бір аудан да сионистердің шабуылына ұшырады, ауданға жақын маңдағы ғимараттарға материалдық шығын келтірілді.