Газада үш палестиналық тілші шәһид болды
(last modified Tue, 10 Oct 2023 12:22:15 GMT )
Қаз 10, 2023 18:22 Asia/Almaty
  • Газада үш палестиналық тілші шәһид болды

Палестина ақпарат көздері сионистік режимнің сейсенбі күні таңертең Газадағы тұрғын үйлерге жасаған әуе шабуылында 5 бейбіт тұрғынның, соның ішінде үш тілшінін шәһид болғанын хабарлады.

 

Палестиналық «Сама» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні таңертең сионистік режим Газа қаласының батысындағы «Хаджи» деп аталатын ғимаратты бомбалады. Бұл шабуылда 5 бейбіт тұрғын олардың ішінде үш палестиналық тілші Саид әл-Тавил, Хишам ан-Науаджа және Мұхаммад Собх шәһид болды.

Палестина үкіметінің Газадағы ақпарат құралы сионистік дұшпанның шабуылдарында шәһид болған тілшілер санының 7 адамға жеткенін хабарлады.