Ливан шекарасында сионистік офицер өлді
(last modified Tue, 10 Oct 2023 12:56:23 GMT )
Қаз 10, 2023 18:56 Asia/Almaty
  • Ливан шекарасында сионистік офицер өлді

Сионистік армия Ливаннан жасалған операцияға қарсы тұру барысында бір сионистік офицердің өлгенін хабарлады.

 

Палестинаның Сама ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің ақпарат хатшысы мәлімдеме жасап, «Әл-Джалил» ротасының 300-ші бригадасының орынбасары, подполковник Алим Саадтың өлімін растады. Ол Ливаннан басып алынған аумақтарға кірген қарулы адамдармен қақтығыс кезінде қаза тапты.   Бұл соңғы 12 сағатта Палестина қарсыласу күштерімен қақтығыс кезінде қаза тапқан екінші сионистік қолбасшы.  Сионистік режимнің Түлкарем аймағындағы әскери қолбасшысы Ешкөл аймағында әл-Кассам жауынгерлерімен қарулы қақтығыс кезінде қаза тапты.  

Басқа жақтан сионистік режимнің 14 телеарнасының тілшісі Палестина қарсыласуының басып алынған жерлерге жасаған шабуылдарында сионистік режимнің Голани бригадасының ондаған әскерінің қаза тапқанын хабарлады.