«Әл-Ақса дауылы» операциясының бесінші күні палестиналық жауынгерлер басқыншыларды кері ығыстырып, сионистердің бірнеше елді мекеніне кірді
Әл-Қасам батальонының жауынгерлері Газа секторының шығысындағы «Айн Хабшор» әскери базасына шабуыл жасап, осы базаға кірген.
Сондай-ақ палестиналықтардың сионистік Сдерот елді мекеніне сәтті енуі туралы хабарлар бар. Бұл елді мекеннің лауазымды тұлғалары палестиналық жауынгерлердің енуінен және қақтығыстардан кейін қоныстанушылардан баспанаға баруды сұрады. Палестиналық жауынгерлер Сдеротқа сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрі Итамар Бен Гуер бүгін осы қалашыққа кірген кезде енді. ХАМАС күштері де сәтті операциямен Ашкелон қаласына кірді.
Еврей ақпарат көздері қарсыласушылардың теңіз арқылы еніп кеткенін хабарлады. Сонымен бірге «Әл-Маядин» телеарнасы ивриттік ақпарат құралдарына сілтеме жасап, палестиналықтардың Газа маңындағы сионистік Мафласим елді мекеніне кіргенін хабарлады.