Газадағы сионистік қылмыстардың алтыншы күні: 1203 шәһид
https://itolqyn.com/news/west_asia-i72966-Газадағы_сионистік_қылмыстардың_алтыншы_күні_1203_шәһид
Сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдары мен қылмыстарының алтыншы күні 1200 шәһид пен 5763-тен астам жаралымен басталды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 12, 2023 19:17 Asia/Almaty
  • Газадағы сионистік қылмыстардың алтыншы  күні: 1203 шәһид

Сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдары мен қылмыстарының алтыншы күні 1200 шәһид пен 5763-тен астам жаралымен басталды.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдары мен қылмыстарының алтыншы күні 1200 шәһид пен 5763-тен астам жаралымен басталды.

Газада орналасқан Палестина Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні таңертең сионистік режим армиясының Сабра, Әл-Зейтун, Әл-Нафак және Тал әл-Хауа сияқты аймақтарға жасаған айуандық шабуылдарынан небәрі бір сағаттың ішінде 51 палестиналықтың шәһид болғанын растады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігі өткен бірнеше күнде сионистік режимнің Палестинаның әртүрлі аймақтарындағы шабуылдары кезінде шәһид болғандардың соңғы статистикалық мәліметінде: "Әскери орталықтарды ғана нысанаға аламыз деген басып алушы сионистік күштер Газадағы 10 денсаулық орталығы мен 48 мектепті талқандады",- деп жариялады.

Қаржылық шығынға қоса, Газадағы гуманитарлық жағдай өте қиын, бұл шабуылдар нәтижесінде Газа ауруханаларының сыйымдылығы толығып, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық таусылып қалды. Басқа жақтан аурухана дереккөздері Газадағы медициналық орталықтар алдында шәһид пен жаралы мәйіттердің көптігін хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, "әл-Ақса дауылы" операциясынан кейінгі соңғы 5 күнде сионистік басқыншылық режимнің жауынгерлері сенбіден бері 22 мың 639-дан астам тұрғын үйді қиратты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик сәрсенбі күні тілшілер алдында: "Ұйымның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі Газадағы босқындар санының қазір 338 мың ер, әйел және балаға жеткенін хабарлады",- деді.