Газаның медбикелері: Ауруханалар апатты жағдайда
Газа секторындағы "Әл-Ақса шәһидтері" ауруханасының директоры мен медбикелер одағының басшысы Халил әд-Дағаран бүгін, жексенбі, 15 қазанда сионистік режимнің Газа тұрғындарына басқыншылықтары салдарынан денсаулық сақтау және медицина саласы күйрейтіні туралы ескертті.
Халил әд-Дағаран Al-Mayadeen арнасына сұхбатында: "Газа ауруханаларындағы жанармай мөлшері шектеулі сағаттарға ғана жетеді",-деді.
Ол: "Ауруханалар жанармай тапшылығы салдарынан жұмысын тоқтатады. Бұл Газада медицина саласының апатты жағдайға келгенін көрсетеді",-деп ескертті.
Халил әд-Дағаран: "Бүкіл Газа секторы басқыншы күштер тарапынан бомбаланып жатыр. Қаза болғандар мен жараланғандар ауруханалардың сыйымдылығынан асып түсті",-деп еске салды.