Сионистік режимнің шабуылынан 2329 палестиналық қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73038-Сионистік_режимнің_шабуылынан_2329_палестиналық_қаза_тапты
Сионистік режимнің Газа секторына айуандық шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 2329 адамға жетті.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 15, 2023 20:26 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің шабуылынан 2329 палестиналық қаза тапты

Сионистік режимнің Газа секторына айуандық шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 2329 адамға жетті.

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Сионистік режимнің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 2329 адамға, жараланғандардың саны 9024 адамға жетті. Олардың көбі – әйелдер мен балалар",-деп мәлімдеді.  

Министрліктің осы мәлімдемесінен кейін Al-Mayadeen арнасының тілшісі Газа секторында шәһид болғандар санының 2390 адамға жеткенін хабарлады.  

Осы мәлімет бойынша, жараланғандар саны артқан сайын Газа секторының ауруханаларында орын тапшылығы байқалуда.  

Al-Mayadeen арнасының тілшісі: "Газа секторында тұратын ондаған жанұя сионистік режимнің шабуылынан түгелдей қаза тапты",-деді.

Сионистік режим осы күнге дейін Газа секторын су және электр қуатымен қамтамасыз етуді тоқтатты.   

Сионистік режимнің армиясы бұл шабуылда көптеген бейбіт нысандарды, соның ішінде  бірнеше аурухана, мешіт пен тұрғын үйлерді нысанаға алды.