Басып алынған Голанға екі зымыран атылды
(last modified Wed, 25 Oct 2023 12:24:32 GMT )
Қаз 25, 2023 18:24 Asia/Almaty

Сионистік режимнің 12 арнасы Сирия аумағынан басып алынған Голанға екі зымыран атылғанын, нәтижесінде бұл аймақтағы электр қуатының өшірілгенін хабарлады.

 

Сионистік телеарна (Кан) да Тиберия аймағында қауіпті сиреналар естілгенін және басып алынған Голанның оңтүстігінде электр қуатының өшірілгенін хабарлады.

Бұл шабуылдардан бұрын сионистік режим жауынгерлері Сирияның Алеппо және Дамаск қалаларының екі әуежайын бомбалаған болатын. Бұл шабуылдарда екі әуежайдың ұшу-қону жолақтары нысанаға алынды.

 

Тегтер