Әскери сарапшы: Хизболла Израильге 100 мың зымыранмен шабуыл жасауға дайын
Америка армиясының отставкадағы полковнигі дүйсенбі күні сионистік режим Газаға шабуыл жасаса, Ливан Хизболласы мыңдаған зымыранмен осы режимге шабуыл жасайды деп мәлімдеді.
Дуглас МакГрегор, АҚШ армиясының отставкадағы полковнигі және Military TV-нің әскери істер жөніндегі сарапшысы, дүйсенбіде X әлеуметтік желісінде: "Егер израильдіктер Газаға шабуыл жасаса, бұл соғыс екі майданға айналады және Хизболла Израильге 100 000 зымыран жібереді. Сонда сендер басқалармен бетпе-бет келесіндер: Сирия, Түркия, Иран және әрине Ресей. Ресей Иранға жасалған шабуылды қарап отырмайды",- деп жазды.
Сионистік режимнің көрнекті әскери сарапшыларының бірі Тал Лив Рам да осы режимнің армиялық күштерінің Газадағы кез келген құрлық операциясынан қатты қорқатынын мойындады.