Израиль әскерилерінің шығыны 315 адамға артты
Қаз 31, 2023 21:12 Asia/Almaty
Құдсты басып алған режим армиясының баспасөз хатшысы осы режимнің әскери шығынының 315 адамға өскенін жариялап, Газада қиын шайқас жүріп жатқанын айтты.
Ливан мен Палестина ақпарат көздеріне сүйенсек, басқыншылар өздерінің шығын статистикасын үлкен көлемде жасыруда.
Даниэль Хегари сондай-ақ 240 израильдіктің де ХАМАС-тың тұтқынында екенін айтты. Газадағы құрлық соғысына қатысты да ол: «Газада қызу шайқас жүріп жатыр, қазіргі жағдай табандылық пен шыдамдылықты қажет етеді»,- деді.
Құдс басқыншы армиясының баспасөз хатшысы бұл соғыстың ұзаққа созылғанына тоқталып: «Біз кез келген шабуылға жауап береміз және Израильге кіруге тырысатын кез келген топты нысанаға аламыз",- деп уәжденді.
Тегтер