Сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарында 200-ге жуық медицина қызметкері шәһид болды
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарында 200-ге жуық медицина қызметкерінің шәһид болғанын хабарлады.
Палестина әл-Яумның хабарлауынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасап, басып алынған Иерусалим режимінің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде 198 медицина қызметкерінің шәһид болғанын хабарлады. Сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде 53 жедел жәрдем көлігі жойылып, 135 денсаулық орталығы нысанаға алынды, 21 аурухана мен емдеу және емдік қызмет көрсететін 47 медициналық орталық жарамсыз болды.
Дәл осы аяда Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Мунир әл-Бараш 100-ден астам шәһидтің денесінің Шафа ауруханасы алдында жатқанын, жарылыстардың жалғасуына байланысты бұл аймаққа жедел жәрдем көліктері жете алмауын айтты.
Сионистік режимнің 7 қазанда басталып, осы уақытқа дейін жалғасып жатқан Газа секторына шабуылында 11 092 палестиналық шәһид болды, олардың арасында 4506 бала, 3 027 әйел және 678 қарт адам бар. Сондай-ақ сионистік режимнің қылмыстарынан жарақат алғандардың саны 27 490-ға жетті.