Израиль армиясы: Өлген израильдіктер саны  артты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73674-Израиль_армиясы_Өлген_израильдіктер_саны_артты
Сионистік армияның ақпарат хатшысы "әл-Ақса дауылы" шабуылдарында қаза тапқан израильдіктер санының артқанын хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 11, 2023 21:31 Asia/Almaty
  •  Израиль армиясы: Өлген израильдіктер саны  артты

Сионистік армияның ақпарат хатшысы "әл-Ақса дауылы" шабуылдарында қаза тапқан израильдіктер санының артқанын хабарлады.

 

Палестиналық «Сама» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режим армиясының ақпарат хатшысы Даниэль Хегари: «7 қазаннан бері Израиль армиясы мен оның офицерлерінің әскери өлімі саны 365-ке жетті",- деді.  Хегари бұған дейін Газадағы соғыста қаза тапқан сарбаздар мен офицерлер санының 351 екенін  жариялаған болатын.

Жұма күні  Израиль армиясы Газада тағы бір сарбазының қаза тапқанын растап, құрлық операция басынан бері қаза тапқан сарбаздар санын 36-ға жеткенін жариялады.

Сондай-ақ ақпарат көздері сионистік режимнің брондалған бөлімшесінің қолбасшысы полковник Шелдаг Зиордың Газа осінде өлгенін хабарлады. Сол аймақта Зиордың кеңесшісі  Ани Овидан  да қаза тапты. Шелдаг әзірге Газаға құрлық шабуылында қаза тапқан Израиль армиясының ең жоғары шені.