Нетаньяху Газадағы оқиғалар туралы жаңа мақтанышы
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73676-Нетаньяху_Газадағы_оқиғалар_туралы_жаңа_мақтанышы
Сионистік режимнің премьер-министрі мақтануын жалғастырып, Газа секторын толық бақылауды талап етті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 11, 2023 22:19 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Газадағы оқиғалар туралы жаңа мақтанышы

Сионистік режимнің премьер-министрі мақтануын жалғастырып, Газа секторын толық бақылауды талап етті.

 

Сионистік «Израиль жаңалықтары» ақпарат сайтының хабарлауынша, Газа сионистік режим сарбаздарының зиратына айналғанымен және күн сайын осы режимнің сарбаздары қарсыласушылардың қолынан қаза тауып жатқанда, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа шекарасындағы сионистік елді мекендердің жергілікті кеңестерінің басшыларымен кездесуінде Газа секторының Израиль армиясының бақылауында қала беретінін қуаттады.

Нетаньяху бұдан былай бұл аймақтарға қайтып оралуды көздемейтін  Газа шекарасындағы сионистік қоныстанушыларға, бұдан былай оларға қауіп төндірмейтіндей жағдай орнатылатынына сендірді.

Құдсты, Иордан өзенінің батыс жағалауын, Хайфаны және Палестинаның басқа аймақтарын жетпіс жылдан астам уақыт бойы басып алып отырған сионистік режим әлі күнге дейін бұл аймақтардың қауіпсіздік бақылауын өз қолына ала алған жоқ.