Газаның "Шипа" ауруханасы әлі де әуеден және құрлықтан сионистердің шабуылына ұшырап жатыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73692-Газаның_Шипа_ауруханасы_әлі_де_әуеден_және_құрлықтан_сионистердің_шабуылына_ұшырап_жатыр
"Шипа" ауруханасында электр қуаты сөнгеннен кейін ондаған палестиналық нәресте аппараттан ажырап қалды. Олардың екеуі қаза тапты.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 12, 2023 19:18 Asia/Almaty
  • Газаның

"Шипа" ауруханасында электр қуаты сөнгеннен кейін ондаған палестиналық нәресте аппараттан ажырап қалды. Олардың екеуі қаза тапты.

Газаның батысындағы "Мехди" перинаталдық орталығы бомбаланғанда ондаған науқас пен осы жерді паналаған босқындар шәһид болды, бірқатары жараланды.
Басқыншы армияның танкілері әл-Құдс ауруханасын қоршауға алып, атқылап жатыр.  

Палестинаның Қызыл жарты ай ұйымы: "Басқыншылардың жедел жәрдем көліктеріне шабуылы салдарынан олар жараланған ондаған адамға жете алмады",-деді.

Газаның Бейт-Хатун, Джебелия, әш-Шата мен ән-Наср лагерлерінде қарсыласу күштері мен басқыншы әскерилер арасында қақтығыстар жалғасып жатыр.