Нетаньяху Газада ХАМАС жауынгерлерімен қақтығыста бірқатар израильдік сарбаздың қаза тапқанын мойындады
Қар 12, 2023 20:11 Asia/Almaty
Израиль Премьер-министрі ішкі қысым мен дағдарыстарға байланысты осы режимнің қаза тапқан әскерилері жайлы нақты статистика жарияламады.
Нетаньяху АҚШ пен басқа елдердің сионистік режимге қару-жарақ беріп қолдау көрсетіп отырғанына тоқталып, соғыс алаңындағы жетістіктер жайлы айтып: "Маңызды жетістікке жетпейінше соғысты тоқтатпаймыз",-деді.
Израильдің Премьер-министрі сондай-ақ ХАМАС-тың қолында ондаған израильдік тұтқын барын мойындады.
Нетаньяху Газаға қарсы соғыстың басты ұйымдастырушысы АҚШ екенін растай келіп: "АҚШ Президенті Джо Байденмен үнемі байланыстамыз. АҚШ үкіметінің саяси және әскери қолдауына алғыс айтамыз",-деді.