Нетаньяху Газада ХАМАС жауынгерлерімен қақтығыста бірқатар израильдік сарбаздың қаза тапқанын мойындады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73700-Нетаньяху_Газада_ХАМАС_жауынгерлерімен_қақтығыста_бірқатар_израильдік_сарбаздың_қаза_тапқанын_мойындады
Израиль Премьер-министрі ішкі қысым мен дағдарыстарға байланысты осы режимнің қаза тапқан әскерилері жайлы нақты статистика жарияламады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 12, 2023 20:11 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Газада ХАМАС жауынгерлерімен қақтығыста бірқатар израильдік сарбаздың қаза тапқанын мойындады

Израиль Премьер-министрі ішкі қысым мен дағдарыстарға байланысты осы режимнің қаза тапқан әскерилері жайлы нақты статистика жарияламады.

Нетаньяху АҚШ пен басқа елдердің сионистік режимге қару-жарақ беріп қолдау көрсетіп отырғанына тоқталып, соғыс алаңындағы жетістіктер жайлы айтып: "Маңызды жетістікке жетпейінше соғысты тоқтатпаймыз",-деді.

Израильдің Премьер-министрі сондай-ақ ХАМАС-тың қолында ондаған израильдік тұтқын барын мойындады.

Нетаньяху Газаға қарсы соғыстың басты ұйымдастырушысы АҚШ екенін растай келіп: "АҚШ Президенті Джо Байденмен үнемі байланыстамыз. АҚШ үкіметінің саяси және әскери қолдауына алғыс айтамыз",-деді.