Газа соғысында 49 тілші қаза тапты
Қар 13, 2023 21:31 Asia/Almaty
Осы уақытқа дейін сионистік режимнің Газаны бомбалауы салдарынан 49 тілші қаза тапты.
Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, 7 қазанда "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері Израиль басқыншыларының Газа секторына жасаған шабуылдарында 49 тілші қаза тапты. Бұл сан осы секторда жұмыс істеп жатқан тілшілердің 4 пайызын құрайды.
Сионистік режим армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 11208 адамға жетті. Олардың ішінде 4506 бала, 3027 әйел мен 678 қарт адам бар.
Тегтер