Ирактың қарсыласу топтары: Алғаш рет «Сарем» қысқа қашықтықтағы ақылды зымыранды қолдандық
(last modified Tue, 14 Nov 2023 11:14:16 GMT )
Қар 14, 2023 17:14 Asia/Almaty
  • Ирактың қарсыласу топтары: Алғаш рет «Сарем» қысқа қашықтықтағы ақылды зымыранды қолдандық

Ирактың қарсыласу тобы мәлімдеме жасап: «Бүгін (сейсенбі) АҚШ басшылығымен және басқаруымен жасалып жатқан сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына жауап ретінде біз алғаш рет «Сарем» қысқа қашықтықтағы ақылды зымыранды қолдандық»,- деді.

 

 

Бұл топ сондай-ақ жеке мәлімдемелер жасап, сионистердің Газа секторына қарсы жасаған қылмыстарына жауап ретінде бірнеше ұшқышсыз ұшақтар арқылы Американың Сириядағы басқыншылығының екі базасына шабуыл жасағанын айтты.

Бұл шабуылдар осыдан бірнеше сағат бұрын Ақ үйдің баспасөз хатшысы Батыс Азия аймағындағы қарсыласу топтарының Ирак пен Сирияда орналасқан америкалық сарбаздарға қарсы операцияларының жалғасуы туралы ескерту жасаған кезде жасалды.

Сионистік режимнің Газа секторына қарсы қылмыстарының жалғасуының барысында Ирактың қарсыласу топтары «әл-Ақса» операциясының алғашқы күндерінен бастап Палестина қарсыласуын қолдауға қосылды.  Олар осы уақытқа дейін Ирактың солтүстігі мен батысындағы америкалық әскери базалар мен осы күштердің Сириядағы базаларын зымыран мен ұшқышсыз ұшақтардың нысанасына алды.

 

Тегтер