Газадағы сионистік режимнің әскери шығыны 47 адамға жетті
Басқыншы режим армиясы кеше түнде Газаға жасалған құрлық шабуылында қақтығыста 2 әскердің өлгенін, 4 әскердің жараланғанын жариялап, бұл режимнің Газадағы әскери шығыны саны 47-ге жеткенін хабарлады.
«Әл-Жазира» ақпарат желісінің хабарлауынша, Израиль армиясының жаңа статистикасымен Газа секторында 27 қазанда жердегі шайқас басталғаннан бері басқыншылардың шығыны 47-ге жетті.
Иврит тіліндегі «Едиот Ахаронот» газеті жұма күні (10 қараша) хабар жариялап, сионистік режим армиясының Газа секторының солтүстігіндегі құрлықтағы операцияларының алғашқы екі аптадан бері 250-ден астам израильдік сарбаздың жараланғанын хабарлады. Осы сионистік газет хабарын жалғастыра отырып: «ХАМАС-пен соғыс басталғалы бері Газа, Ливан, Сирия және Йеменнен Израильге 10 мыңға жуық зымыран, оқ және ондаған ұшқышсыз ұшақ жіберілді»,- деп жазды.