Газадағы сионистік режимнің әскери шығыны 47 адамға жетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73746-Газадағы_сионистік_режимнің_әскери_шығыны_47_адамға_жетті
Басқыншы режим армиясы кеше түнде Газаға жасалған құрлық шабуылында қақтығыста 2 әскердің өлгенін, 4 әскердің   жараланғанын жариялап, бұл режимнің Газадағы әскери шығыны саны 47-ге жеткенін хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 14, 2023 19:01 Asia/Almaty
  • Газадағы сионистік режимнің әскери шығыны 47 адамға жетті

Басқыншы режим армиясы кеше түнде Газаға жасалған құрлық шабуылында қақтығыста 2 әскердің өлгенін, 4 әскердің   жараланғанын жариялап, бұл режимнің Газадағы әскери шығыны саны 47-ге жеткенін хабарлады.

 

«Әл-Жазира» ақпарат желісінің хабарлауынша, Израиль армиясының жаңа статистикасымен Газа секторында 27 қазанда жердегі шайқас басталғаннан бері басқыншылардың шығыны 47-ге жетті.

Иврит тіліндегі «Едиот Ахаронот» газеті жұма күні (10 қараша) хабар жариялап, сионистік режим армиясының Газа секторының солтүстігіндегі құрлықтағы операцияларының алғашқы екі аптадан бері 250-ден астам израильдік сарбаздың жараланғанын хабарлады. Осы сионистік газет хабарын жалғастыра отырып: «ХАМАС-пен соғыс басталғалы бері Газа, Ливан, Сирия және Йеменнен Израильге 10 мыңға жуық зымыран, оқ және ондаған ұшқышсыз ұшақ жіберілді»,- деп жазды.