Палестина қарсыласу күштері Газаның айналасындағы қалашықтарды зымыранмен атқылады
Қар 17, 2023 19:20 Asia/Almaty
Палестина қарсыласу күштері бүгін таңертең Газаның айналасындағы сионистік қалашықтарды зымыранмен атқылады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, иврит тіліндегі ақпарат құралдары да Газадан сионистік қалашықтарға зымырандық шабуыл жасалғанын растады. Осы шабуыл салдарынан қалашықтарда қатер дабылы қағылды.
Палестина исламдық джиһад қозғалысының әскери тармағы "Сорайя ул-Құдс": "Біздің жауынгерлеріміз Газаның батысындағы әл-Сабра және Тель-әл-Хауа аудандарындағы дұшпанның соғыс құралдарын нысанаға алды",-деді.
Палестина қарсыласу күштері Газаның шығысындағы әл-Зейтүн ауданында бір израильдік дронды құлатты.
Тегтер