Американдық базалар қарсыласу шабуылдарына ұшырауда: Үшінші база нысанаға алынды
(last modified Sat, 18 Nov 2023 10:43:08 GMT )
Қар 18, 2023 16:43 Asia/Almaty

Ирактың Исламдық қарсыласу ұйымы екі жанкешті ұшқышсыз ұшақпен Сирияның солтүстік-шығысындағы америкалық әскери базаны нысанаға алғанын хабарлады.

Бұл қарсыласу тобының мәлімдемесінде дұшпанның Газадағы қылмыстарына жауап ретінде екі ұшқышсыз ұшақпен бұл базаны сәтті нысанаға алғаны атап көрсетілді. Бұл соңғы сағаттарда аймақтағы америкалық базаларға жасалған үшінші шабуыл.

Кеше бір сағат аралықпен Ирактың Исламдық қарсыласуы Эрбил облысындағы «Харир» базасына ұшқышсыз ұшақпен және Айн әл-Асад базасына екі жанкешті ұшқышсыз ұшақпен басқарылатын шабуылды жариялады. Газадағы соғыс басталғалы бері Ирак қарсыласуы Ирактың батысындағы Айн әл-Асад базасы мен Ирактың солтүстігіндегі Харирді бірнеше рет нысанаға алды.

 

Тегтер