Сионистердің жаңа қылмысы, бұл жолы мектепке шабуыл жасалды
(last modified Sat, 18 Nov 2023 16:24:54 GMT )
Қар 18, 2023 22:24 Asia/Almaty

Сионистік армияның Газа секторының солтүстігіндегі  әл-Фахура мектебіне жасаған әуе шабуылында кем дегенде 200 адам, көбісі балалар, қаза тапты.

 

"Әл-Джазираның" хабарлауынша, бұл шабуылда шәһид болғандардың көбі медициналық мәселелерге және Индонезия ауруханасының әл-Фахура  мектебіне жақын болуына байланысты осы мектепті паналаған адамдар. Әл-Фахура мектебі Газадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының басқаруындағы мектептердің бірі. Бұл сионистік режимнің палестиналықтардың жиналатын орталықтарына жасаған алғашқы шабуылы емес. Бұған дейін осындай шабуылдар наубайханалар мен ауруханаларға жасалған болатын.