Сионистік әскерилер Газаның оңтүстігінде шекарасыз дәрігерлердің керуеніне шабуыл жасады
Қар 20, 2023 19:20 Asia/Almaty
Сионистік әскерилердің Газаның оңтүстігінде шекарасыз дәрігерлердің керуеніне жасаған шабуылында 1 дәрігер қаза тауып, тағы бір адам жараланды.
136 адамы бар 5 көліктен тұратын керуен Газаның оңтүстігіне барар жолда соңғы өткел Салахеддин бақылау-өткізу пунктінде сионистік әскерилердің тікелей шабуылына ұшырады.
Шекарасыз дәрігерлер ұйымының аймақтық кеңсесі басшысының айтуынша, бұл керуеннің өтуі осы режим басшыларының келісімімен жүзеге асырылды.
Абу Халаф: "Тіпті егер адам құқығына қатысты халықаралық заңдар еленбесе де, сионистік әскерилер осы әрекеттерімен соғыстың ақлақтық және адамгершілік ережелерін аяқ асты етті",-деді.
Тегтер