Сионистік әскерилер Газаның оңтүстігінде шекарасыз дәрігерлердің керуеніне шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73872-Сионистік_әскерилер_Газаның_оңтүстігінде_шекарасыз_дәрігерлердің_керуеніне_шабуыл_жасады
Сионистік әскерилердің Газаның оңтүстігінде шекарасыз дәрігерлердің керуеніне жасаған шабуылында 1 дәрігер қаза тауып, тағы бір адам жараланды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 20, 2023 19:20 Asia/Almaty
  • Сионистік әскерилер Газаның оңтүстігінде шекарасыз дәрігерлердің керуеніне шабуыл жасады

Сионистік әскерилердің Газаның оңтүстігінде шекарасыз дәрігерлердің керуеніне жасаған шабуылында 1 дәрігер қаза тауып, тағы бір адам жараланды.

136 адамы бар 5 көліктен тұратын керуен Газаның оңтүстігіне барар жолда соңғы өткел Салахеддин бақылау-өткізу пунктінде сионистік әскерилердің тікелей шабуылына ұшырады.

Шекарасыз дәрігерлер ұйымының аймақтық кеңсесі басшысының айтуынша,  бұл керуеннің өтуі осы режим басшыларының келісімімен жүзеге асырылды.

Абу Халаф: "Тіпті егер адам құқығына қатысты халықаралық заңдар еленбесе де, сионистік әскерилер осы әрекеттерімен соғыстың ақлақтық және адамгершілік ережелерін аяқ асты етті",-деді.