Газада шала туылған балаларды тірі қалдыру үшін дәрігерлердің күш-жігері
(last modified Tue, 21 Nov 2023 10:48:11 GMT )
Қар 21, 2023 16:48 Asia/Almaty

Палестиналық дәрігерлер Газа секторында мезгілсіз туылған палестиналық балаларды аман алып қалу үшін барын салуда.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газадағы соғыс және сионистік режимнің медициналық орталықтар мен ауруханаларға аяусыз шабуылдары шала туылған балалардың жағдайымен күресуде күрделі мәселеге тап болды. Осы шеңберде шала туылған 31 палестиналық сәбидің 28-і Газадағы Әмірлік ауруханасынан жедел жәрдеммен Мысырда емделу үшін Рафах өткеліне жеткізілді.  Жанармайдың, медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі және ауруханалардың нысанаға алынуы Газа секторындағы гуманитарлық жағдайды апатқа айналдырды, ал адам құқықтарын қорғаушылар бұл аянышты жағдайды тек бақылап отыр.