Израиль Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74016-Израиль_Газада_атысты_тоқтату_бітімін_тағы_да_бұзды
Палестина автономды құрылымына қарасты Уафа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзып, 7 палестиналыққа шабуыл жасады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 26, 2023 20:09 Asia/Almaty
  • Израиль Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзды

Палестина автономды құрылымына қарасты Уафа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзып, 7 палестиналыққа шабуыл жасады.

Уафа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахия ауданында орналасқан Индонезия ауруханасының айналасындағы үйлерінің жағдайын тексеру үшін барған бір палестиналық топ Израиль күштерінің шабуылына ұшырады. Атыс салдарынан 3 палестиналық жараланды.

Газа қаласының батысындағы Тель әл-Хави ауданында орналасқан Құдс ауруханасы маңындағы үйлердің жағдайын көруге барған басқа бір палестиналық топты бір израильдік мерген нысанаға алды. Осы атыс салдарынан 4 палестиналық жараланды. 

Атысты тоқтату бітімі барысында Израиль күштерінің палестиналықтарға оқ атуы бірінші рет емес. Израиль күштері бітімнің алғашқы күнінде бірнеше палестиналыққа оқ атты. Соның салдарынан 2 палестиналық қаза тауып, басқа бірнешеуі жараланды. Бұл адамдар Газа секторының солтүстігіндегі өз үйлеріне қайтуға талпыныс жасаған болатын.

Жұма күні таңғы сағат 07:00 Газада атысты тоқтату бітімі жарияланды. Бітім 4 күнге созылады.