Газа үкіметі: Басқыншылар Газаның үстіне 40 мың тонна бомба тастады
Қар 26, 2023 20:30 Asia/Almaty
Газа үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Израиль күштері Газа секторының үстіне 40 мың тонна жарылғыш зат тастап, бұл аймақты тұруға жарамсыз жерге айналдыруға тырысып жатыр.
Газа үкіметінің баспасөз өкілі Салама Маруф Al-Jazeera арнасына берген сұхбатында: "Атысты тоқтату бітімі барысында Израиль күштері жасаған ірі жаппай қырып-жоюлардың саны енді ғана анықталып жатыр",-деді.
Газа үкіметінің баспасөз өкілі: "Басқыншы күштер Газаның үстіне 40 мың тонна бомба тастап, көптеген үйлер мен инфрақұрылымдарды қиратты",-деді.
Тегтер