Газада атысты тоқтату келісімі аяқталды. Сионистік режим шабуылдарын қайта бастады
(last modified Fri, 01 Dec 2023 14:57:48 GMT )
Жел 01, 2023 20:57 Asia/Almaty
  • Газада атысты тоқтату келісімі аяқталды. Сионистік режим шабуылдарын қайта бастады

Сионистік режимнің баспасөз хатшысы осы режимнің Газа секторына қарсы шабуылдарының жаңадан басталғанын хабарлады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторындағы Хан Юнис қаласы бүгін таңертеңнен бері Израиль армиясының ауыр бомбалауына куә болып, Газаның солтүстік-батысында қарсыласу жасақтары мен басқыншы күштер арасында қақтығыстар жалғасуда.

«Әл-Маядин» тілшісі де сионистік режимнің Рафах қаласының шығысындағы артиллериялық шабуылдары туралы хабарлады. Сионистік режимнің Газаның әртүрлі аймақтарына жасаған әуе шабуылдарының жаңа раундында 6 адам шәһид болып, ондаған адам жараланды.

Сионистік режимнің баспасөз хатшысы осы режимнің атысты тоқтатуды бірнеше рет бұзуын айтпай-ақ, Палестина қарсыласуын атысты тоқтатуды бұзды деп айыптап: "ХАМАС басып алынған жерлерге зымыранмен атқылау арқылы атысты тоқтатуды бұзды",- деді.

Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху кеңсесі де былай деп мәлімдеді: "ХАМАС қозғалысы сионистік режимнің тұтқын әйелдерін азат ету жоспары негізінде өз міндеттерін ұстанбады және басып алынған жерлерді зымыранмен атқылады". Басқа жақтан Израиль армиясы Біріккен Бас штабының басшысы  Герци Халеви  бейсенбі күні бұл режимнің Газадағы соғысты қайта бастауға дайын екенін айтты. Оның айтуынша, соғыс жақын арада аяқталмайды.