Хизбулла сионистік режимнің 4 базасына шабуыл жасады
(last modified Thu, 07 Dec 2023 17:22:35 GMT )
Жел 07, 2023 23:22 Asia/Almaty
  • Хизбулла сионистік режимнің 4 базасына шабуыл жасады

Ливан Хизбулласы сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Палестинаның солтүстігінде орналасқан 4 әскери базасына шабуыл жасағанын хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан Хизбулласы бірінші мәлімдемесінде: "Жауынгерлеріміз Ливанның басып алынған жерінде орналасқан "Руйсат әл-Қарн" базасына зымыран атып, дөп тигізді",-деді.

Ливан Хизбулласы басқа бір мәлімдемесінде: "Жауынгерлеріміз тиісті қарулармен "әл-Захира" базасын нысанаға алды",-деді.  

Ливан Хизбулласы үшінші мәлімдемеде: "Жауынгерлеріміз "Хадаб әл-Бостан" базасына зымырандар атты",-деді.

Ливан Хизбулласы төртінші мәлімдемесінде: "Жауынгерлеріміз Газа секторындағы Палестина халқына қолдау ретінде  сәрсенбі күні сағат 16:30-да "Рамим" әскери базасына шабуыл жасады",-деді.