Сирия мен Ирактағы АҚШ базаларына қарсыласу күштері 118-ден астам шабуыл жасады
(last modified Wed, 03 Jan 2024 13:11:09 GMT )
Қаң 03, 2024 19:11 Asia/Almaty
  • Сирия мен Ирактағы АҚШ базаларына қарсыласу күштері 118-ден астам шабуыл жасады

Америкалық әскери шенеунік Al-Mayadeen желісіне берген сұхбатында 7 қазаннан бері Ирак пен Сириядағы америкалық әскери базаларға қарсы кемінде 118 операция жасалғанын хабарлады.

 

Осы хабарға сәйкес, сол күннен бастап Ирактың исламдық қарсыласуы аталған екі елдегі АҚШ базаларын нысанаға алуды жалғастырды және өз мәлімдемелерінде: "Бұл шабуылдар Ирак пен аймақтағы Американың басқыншы күштеріне қарсы тұру ұстанымымен және сионистік режимнің Газа халқын қырғынға ұшыратуына реакцияға сәйкес келеді",- деді.