Сирия мен Ирактағы АҚШ базаларына қарсыласу күштері 118-ден астам шабуыл жасады
Қаң 03, 2024 19:11 Asia/Almaty
Америкалық әскери шенеунік Al-Mayadeen желісіне берген сұхбатында 7 қазаннан бері Ирак пен Сириядағы америкалық әскери базаларға қарсы кемінде 118 операция жасалғанын хабарлады.
Осы хабарға сәйкес, сол күннен бастап Ирактың исламдық қарсыласуы аталған екі елдегі АҚШ базаларын нысанаға алуды жалғастырды және өз мәлімдемелерінде: "Бұл шабуылдар Ирак пен аймақтағы Американың басқыншы күштеріне қарсы тұру ұстанымымен және сионистік режимнің Газа халқын қырғынға ұшыратуына реакцияға сәйкес келеді",- деді.
Тегтер