Бүгін таңертең сионистік режим Хан-Юнеске шабуыл жасады
Бүгін таңертең сионистік режимнің Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнеске шабуылы салдарынан кемінде 32 адам қаза тапты.
Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахтың орталық бөлігінде де бір үй нысанаға алынып, соның салдарынан 6 адам қаза тапты.
Сионистік режимнің қайықтары Газа секторының орталық бөлігіндегі жағалауға оқ жаудырды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сионистік режимнің Газа халқына қарсы 90 күндік соғысында осы күнге дейін 22438 адам қаза тапты.
ЮНИСЕФ балалар қоры Газа секторында гуманитарлық және медициналық жағдайдың ушығып бара жатқанын ескертіп: "Атысты тоқтату арқылы Газадағы балаларды құтқару үшін аса көп уақыт қалған жоқ",-деді.
Шекарасыз дәрігерлер ұйымы: "Газада ешкім де, ешбір жер де қауіпсіз емес",-деді.