Йеменнің оңтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан 30 адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i7516
Йеменнің оңтүстігінде Эль-Мукалла қаласының Фаве аймағында «ән- Надже» базасының ішінде өзіне жарылғыш зат таңған бір лаңкестің бір топ әскерилер арасында өз-өзін жарып жіберуі салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тауып, шамамен 20 кісі жараланды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 15, 2016 22:43 Asia/Almaty
  • Йеменнің оңтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан 30 адам қаза тапты

Йеменнің оңтүстігінде Эль-Мукалла қаласының Фаве аймағында «ән- Надже» базасының ішінде өзіне жарылғыш зат таңған бір лаңкестің бір топ әскерилер арасында өз-өзін жарып жіберуі салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тауып, шамамен 20 кісі жараланды.

Жаңадан қызметке алынған адамдар Эль-Мукалла маңындағы әскери базада сапқа тұрған кезде осы шабуыл орын алды. Йемендік ақпарат құралдары сондай- ақ Хадрамаут облысының қауіпсіздік төрағасын нысанаға алған тағы бір лаңкестік әрекеттің орын алғанын хабарлады.