Сионистік режимнің соғыс саясатына қарсы наразылықтар жалғасуда
Қаң 19, 2024 20:35 Asia/Almaty
Шерушілер Тель-Авивтегі даңғылдардың бірін жауып, Газада соғысты жалғастыру саясатына наразылық білдіріп, сионистік тұтқындарды азат етуді талап етті.
Атысты уақытша тоқтату бітімі кезінде ХАМАС-тың қолындағы 240 сионистік тұтқынның жартысы босатылған еді. Бірақ соғыстың жалғасуы қалған тұтқындардың босатылуына кедергі жасады.
Сионистік режимнің Соғыс кеңесі Газада соғысты тоқтатып, тұтқындармен алмасу туралы өтініштерге қарсылық білдіріп отыр.
"Гаарец" газетінің жазуынша, сионистік режим халықаралық ұйымдар мен әлемдік қауымдастықтан гөрі соғыс салдарынан босып кеткен немесе туыстары тұтқында жатқан израильдіктер тарапынан көбірек қысымға ұшырап отыр.
Тегтер