Палестинада шәһидтер саны артты
Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: "Палестинада шәһидтер саны 27178 адамнан асты, жараланғандар саны 66030 адамға жетті",-деді.
Шәһидтердің көбі көшелерде және үйінділердің астында жатыр. Израиль күштері жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушыларға мәйіттерді тасымалдауға рұқсат бермейді.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін Израиль армиясының шабуылдарынан қаза тапқан азаматтардың 70 пайызының әйелдер мен балалар екенін мәлімдеген болатын.
Израиль армиясы 2023 жылы 7 қазанда Газа секторына шабуыл жасай бастап, осы аймақтың көптеген инфрақұрылымын, әсіресе медициналық мекемелерін қиратты.
Газа тұрғындарының көбі үйлері қираған соң босқынға айналып, ауруханалар, мектептер мен күркелерді паналап жатыр.