Газада шәһид болғандар саны 28 мыңнан асты: 24 сағатта 133 палестиналық шәһид болды
Ақпарат көздері сионистік режимнің осы аймақтағы басқыншылығының нәтижесінде Газа секторындағы шәһидтер санының 28473-ке жеткенін хабарлады.
ИРНА-ның сейсенбі күнгі "Әл-Джазира" арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің өткен тәулікте Газа секторында 16 қырғын әрекетін жасап, соның салдарынан 133 адамның шәһид болып, 162 адамның жараланғанын хабарлады. Бұл Министрлік Газада 7 қазаннан бері шәһид санының 28 мың 473, жаралы санының 68 мың 146-ға жеткенін жариялады.
Сионистік режимнің Газа секторына шабуылдары басталғаннан бері жүз отыз күн өтті, басқыншы күштер қылмыстарын жалғастырып, Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында тағы бір қасірет пен апат туғызуда.
Сионистер Рафах қаласына назар аудара отырып, Газа секторындағы өлтірулері мен шабуылдарын жалғастыруда және бүгін таңертең осы қаланың шығысына 4 әуе шабуылын жасады.
Хабар көздері басқыншы режимнің Рафахтың оңтүстік-шығысындағы артиллериялық шабуылдары туралы да хабарлады.