Сионистік режимнің әскерилері Хан-Юнестегі Насер ауруханасының қызметкерлерін басты корпусты босатуға мәжбүрледі
Ақп 16, 2024 14:31 Asia/Almaty
Хан-Юнестегі Насер ауруханасын паналаған босқындарды мәжбүрлі түрде көшіргеннен кейін бұл жерде сионистердің шабуылдарында жараланғандар мен науқастардың көбі жатқан еді.
Науқастар Насер ауруханасының ескі ғимаратына көшірілді. Онда тиісті инфрақұрылым, соның ішінде су мен басқа да мүмкіндіктер жоқ.
Насер ауруханасының электромоторлары істен шыққан соң арнайы күтім бөлімінде жатқан 3 адам қайтыс болды.
Сионистер 18 күн бойы аурухананы паналаған босқындарды қоршауда ұстап, кеше қысым салдарынан ол жерді тастап кетуге мәжбүр болды. 19 күннің ішінде сионистердің ауруханаға шабуылынан көптеген босқын мен науқастар қаза тапты.